8 наурыз Халқаралық әйелдер күні
- Batyk kitaphana
- 7 мар. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. Жер дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Батық ауылдық кітапханасында 8-ші наурыз халқаралық әйелдер күні мерекесі өз деңгейінде аталып өтті. Аулдың көпбалалы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері 23 анамыз атаулы шараның сыйлы қонағы болып, «Ана- өмірдің тірегі ғана емес, ана- ө
мірдің өзі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. «Анамның алақаны аялы» атты кітап көрмесі ұсынылып және қонақ ретінде шақырылған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің фотасы салынған слай көрсетілді.