Поиск
16 желтоқсан Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі күні
- Batyk kitaphana
- 13 дек. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Батық ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіз елімнің тарихы қымбат маған» атты мерекелік сазды кеш өткізілді . Оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» атты кітап көрмесі қойылып, «Бостандық пен демократия – ұлы игілік» слайд көрсетілді. Шараға жасөспірімдер, студенттер, 5-7 сынып оқушылары барлығы: 18 оқырман қатысты. Шара соңында белсенділік танытқан оқырмандар марапатталды.

