Поиск
Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай
- Batyk kitaphana
- 6 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения
Быйыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Батық ауылдық кітапханасында 06 ақпан күні сағат 15: 00 - де «Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар өткізілді. Сонымен қатар шара барысында «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітапкөрмесі мен «Адамзаттың шамшырағы- Абай» тақырыбында слайдпен таныстырылды. Ұлы ақын Абайдың өлеңін жатқа білмейтін, естімеген, оқымаған қазақ баласы кемде кем. Біздің оқырмандарымызда ақынның өлеңдерінен үзінді оқып беріп құ жаяу емес екендерін көрсетті. Әкім аппаратының бас маманы Жиенбаева Дәметкен «өлең сөздің патшасы» өлеңін оқыды. Рыскулов Абылай ақынның «көзімнің қарасы» әнін орындады. Сондай- ақ Малшы Жарқын ақынның «сегіз аяқ» өлеңін мәнерлеп оқыды.
