top of page

31 мамыр Cаяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні

31-ші мамыр бұл күн - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Осы атаулы күнге орай Батық ауылдық кітапханасында «Саяси қуғын- сүргін құрбандары жадымызда» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Шараға қатысқан қонақтар өздерінің сол зұлмат жылдар туралы естіген, білген естеліктерімен бөлісті. Сондай – ақ сол жылдарда ату жазасына кесіліп, қуғын – сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары туралы да аталып өтті. Шараны өткізудегі мақсатымыз осы бір зұлмат жылдарда жасанды саяси қуғын- сүргін құрбандарын тағы бір еске алу. Сол зұлмат жылдар Батық ауылын да айналып өтпеген еді. Батық ауылы 1934 жылы КарЛаг кезінде еңбекпен түзету лагерінің бір бөлімшесі ретінде құрылған. Батықта екі аймақ болды (ерлердікі- 1), (әйелдердікі- 1). Лагерлік бөлімше лагерлік пунктерден тұрады: Орталық, Бестөбе, Возрождение және Аптека. Ұсталғандарды қорғау КарЛагтың әскерлендірілген күзетінің 3- батальонының взводвмен жүргізілді. Батық ауылының тұрғындарының айтуынша «Бестөбе» деп аталатын елді- мекенде әйелдер лагері болған дейді. Ол Батықтан 9 шақырым жерде орналасқан. Ол жерде әлі күнге дейін орны, цементтен жасалған фундаменттері сақталған. Батық бөлімшесінде жазушы- Бейімбет Майлиннің жұбайы Майлина Күлжамал тұтқында болған. 1938 жылдан бастап 1943 жылға дейін Батық бөлімшесінде мерзімін өтеп, жұмыс істеді. Шара барысында сол зұлмат жылдарда құрбан болған қазақ зиялыларының өмірі туралы мғұлымат беріліп, слайд көрсетілді. Және «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ұлылар мәңгі есте сақталады» атты кітап көрмесі таныстырылады.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page